Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ"  Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "ЦЕНТР ДЕТСКО-ЮНОШЕСКОГО ТВОРЧЕСТВА" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Жайдарман» аудандық әзіл-сықақ сайысы

2026 жылдың 16 қазан күні Зеренді ауданы білім бөлімі, Зеренді ауылының Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы және Жастар ресурстық орталығы бірлесе ұйымдастырылуымен  «Адал азамат» бағдарламасын іске асыру, «Заң мен тәртіп» қағидаттарын насихаттау, сондай-ақ білім алушылардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін қолдау мақсатында мектеп оқушылары арасында «Жайдарман» аудандық әзіл-сықақ сайысы өткізіледі. 

Мақсаты білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, әзіл арқылы ойды мәдениетті жеткізу дағдыларын қалыптастыру және олардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру.

Ауданымыздың 15 мектептері қатысып,

1 орынды Зеренді ауылының №1 жалпы білім беретін мектебінің «Алатау» командасы иеленіп, дипломмен марапатталып, Жастар ресурстық орталығының атынан ақшалай сыйақы 80 000 мың теңге сыйлығына ие болды.

2 орынды Қонысбай ауылының жалпы білім беретін мектебінің «Абай сити» командасы 60000 мың теңге сыйлығына иеленді.

3 орынды Ескенежал ауылының негізгі орта мектебінің «Біз Жарамыз» командасы 40000 мың теңге сыйлығына иеленді.

Қалған командалар 10000 мың теңге сыйақмын белсенді қатысқаны үшін иеленді.

Жеңімпаздарды құттықтай отыра, облыстық кезеңде сәттілік тілей отыра жүлделі орынға ие болуға тілектеспіз!


Текст